Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1335
Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан,
Жүрегіме қып-қызыл тамшы қатқан.
Жайсаң жазым соңына бұрылмады,
Ернеуінен үзілтіп бал шұбатқан.
Жан досым-ай, жайымды білші ғаріп,
Ән айта алмай қойдым мен үн шығарып.
Сылдыр-сылдыр еткенге тайыз десем,
Тұңғиыққа әкетті тылсым ағып.
Суық жаңбыр бетіме бүркіп менің,
Ашқызбады жанымның кірпіктерін.
Белдеудегі күреңді босатар ем,
Жолатпады жанына үркіп керім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері