Студенттік шақ

Бұл бетте «Студенттік шақ» атты Қуандық Жолтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Студенттік деген ғажап шақ,
Қадірін біліп, ұға алсақ.
Көңілің жайнап көктемдей,
Алып ұшып кеткендей.

Ата-анаңнаң алыстап,
Ауылыңнан жырақтап.
Қала жаққа бет алып,
Қолға ауыр сөмке алып.

Келдің міне қалаға,
Бейтаныс жер балаға.
Жаңа таныс, дос тауып,
Жаңа өмірге жол салып.

Жатақхана жағалап,
Пәтер жалдап паналап.
Туысыңның үйіне,
Тұрғың келмей қашқақтап.

Жеке дара өмірді,
Өз көзіңмен көруді.
Бұрындары ойға алып,
Жүрушіедің көңілді.

Параларға асығып,
Сөмке ұстап, асынып.
Өз тобыңмен асықпай,
Ойнап күліп танысып.

Мектебіңді еске алып,
Қыздарғада көз салып.
Өз тобыңның ішінен,
Жақын тартар дос тауып.

Ең алғашқы жылдарың,
Бірінші курс болғаның.
Ыстық болар әркімге,
Түсінгенге, сезгенге.

Ордасындай қызықтың,
Жатақхана ғажапсың.
Ғашық болып, сүйіпте,
Жұдырыққа түсіпте.

Кейде ашсың, кейде тоқ,
Ақшаң барда, кейде жоқ.
Шәкірт ақы түскенше,
Үйден ақша келгенше.

Шыдарсыңда, төзерсің,
Бәрінеде көнерсің.
Есесіне ұқыптап,
Ұстаудыда білерсің.

Өзің үшін қосымша,
Жұмыс іздеп уақытша.
Істептағы жүрерсің,
Кейде шаршап келерсің.

Шаршағынды ұмытып,
Жаңа таңды атырып.
Күнделікті қалпыңда,
Оқуыңа бардыңда.

Төрт жылыңда өтеді,
Соңғы жылда жетеді.
Дипломыңды қолға алып,
Ауылыңа жол тартып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Студенттік шақ өлеңінің авторы кім?

Қуандық Жолтай — осы өлеңнің авторы.

Студенттік шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Студенттік шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Жолтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Студенттік шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер