Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 669
Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан,
Теңселген бұлттың дидарын асқақ сес басқан.
Бүршіктеп талы, көгерген көктем көңілмен
Жайнаған дүние, сенімен әзір қоштаспан.
Сенімен әзір қоштаспан, дүние, тұра тұр,
Деміңді басып, айтсаңшы маған бір ақыл.
Толқыны асау атылып тынбай аспанға,
Ентігін теңіз баса алмай жатыр сұрапыл.
Толқындар асау атылды тынбай аспанға,
Тірлікке деген бір үміт қалды жас жанда.
Шарықтап ұшып, көгалға қайта құладым,
Аспанды шулы жым-жырт боп жұлдыз басқанда.
Алдында үйдің күн санап биік өсті емен,
Тербелген талдар, мен саған әзір қош демен.
Келгенде іңір ыңылдап қана ән салып,
Күн менен нұрдың суретін салдым кестемен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері