Шу асау - Өмір! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Шу асау - Өмір!» атты Мерей Қартов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Шу асау-Өмір,
мойныңда кетті құрық күн,
Арқан айлардың
ұшынан ұстап сыр ұқтым,
Қарғып мінгенде
тарпаңнан тақым тайдырмай,
Жүген жылдардың,
тізгінін тартып тұрыппын.


Бас бермей маған,
әкеттің тау мен жыраға,
Тулаған өмір,
тізгінге көніп тұра ма?!
«Талса да тақым,
қалса да қолың қарысып,
Жабысып жалға,
жалғанда сірә құлама»


-деп Атам маған
жігер мен жалын құятын,
Құладым талай,
дуылдап бетте ұятым,
Тарланбозымның
тұяғы басқан кең өлке,
Жұдырықтай-ақ,
жүрекке шіркін сыятын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері