Жылдар, айлар...Жылдар, айлар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3521
Жылдар, Айлар, қалдырма қатарыңнан,
Өмір, сенің сескенем қаһарыңнан.
Қаһарыңнан қорқамын - заһар мұңнан
Күн - Жұлдызым қалдырма, сапарымнан!
Енді туды дәуреннің жаз думаны,
Орта жаста, демеңдер "Қаз қуғаны".
Тасқа тілі, көркөздің көзі шықсын
Ұл мен Қызым жайнатқан- Тау, Даланы ...
Мен, Әкемнің өсірген-
Тауы болам,
Тау биігін, құшағын таныр - Балам!
Тау алқымын, бұлт орап, мұздақ жапсын
Төскейін теуіп бұлақ ағындаған.
Бұлақтар тоқтар жері -
Даласы алда,
Дала - Анаң, сипаған жылағанда.
Сол даланың мейірлі төсін еміп
Құшағында аунайсың,
Қырқасында!...
Енді туды өмірдің жаз думаны,
Тамыр - өзен, кернеді тас тулады.
Бір алапат кеудемнен күш басталып
Өтпейтін сағат емес, күн зулады.
Зула, зула, зуласаң қайтып тума,
Асыл мұрат, жігерлен айқын тұлға,
Ғашықтық қуат алып - Сұлулықтан
Алып ұш, тәңір құсым - қайқы шыңға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылдар, айлар...Жылдар, айлар өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Жылдар, айлар...Жылдар, айлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жылдар, айлар...Жылдар, айлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылдар, айлар...Жылдар, айлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері