Ей, жүрегім – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Ей, жүрегім» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ей жүрегім

Ей жүрегім, тұрмысың сезіп мұны.
Тағдыр мені кімдерге кезіктірді?
Бағаламай отырғанда бақытымды,
Бақытсыздар жөн сілтеп кезіп тұрды.

Бақытсызбын демеймін, демеспінде,
Өмірім қиналатын емес мүлде.
Көлеңкелі тұстары болды бірақ,
Ізін тастап кететін келмес күнге.

Ей жүрегім!
Мен сені мәңгілікке өзгертемін,
Естимісің, мен саған сөз беремін.
Мына сеннен жасап алып жаңа жүрек,
Бар шаттыққа толтыру көздегенім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар