Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді,
Өзім тыңдай алмасам, өз үнімді.
Қара жерді құламай басып келем,
Үмітіме сүйеу ғып төзімімді.
Айбынды ақын емеспін, сөзі құнды,
Сөзі құнсыз ақынның көзі мұңды.
Орынына асылдың бағалаған,
Сиқыршының алдайды жезі кімді?
Несін айтам, өмірден өткен, өтті,
Қуандырды, өкінтті, өкпелетті.
Кең дүние біреуді қысып мәңгі,
Ал, біреудің көңілін көктем етті.
Өмір базар, өтуде ала-құла,
Сатып алсаң, суды да, ауаны да.
Қарайтұғын қарашы тірі жан жоқ,
Жаутаңдаған баланың жанарына.
Ашылмаған ананың қабағына...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі