Өлең, жыр, ақындар

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1074
Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым,
Сүю жайлы тек іштей қиялдадым.
Қолды бір-ақ сілтер ем, бірақ, бірақ
Мен басқаның көз жасын қия алмадым.
Шын сүюді аңсаумен жырлап өттім,
Жырлап өттім, көңілге сырлар ектім.
Басқалардың бақыты үшін мәңгі
Өз бақытын басымның құрбан еттім.
Сол үшін де мұңдылау ән сап тұрам,
Әнімменен бір жанды аңсап тұрам.
Ештеңені көре алмай, қарманумен,
Ойларменен қалжырап, шаршап тұрам.
Оң мен солдан тағдырдың есіп желі,
Жанымдағы отымды өшірмеді.
Жылдар бойы жүрсем де бірге өзіңмен,
Сүйе алмадым, бөтенмін, кешір мені!
Көз алдымнан өтеді нелер елес,
Күнім барып қонғандай төбеме кеш.
Қаталдаумын, кейде шын әйел болып,
Алдап күлу қолымнан келер емес.
Қарыздармын, ей, өмір, отың үшін,
Жаутаңдайды өзіңе жетім ішім.
Мені өлтірмей, әйтеуір, келе жатыр
Бақытыма айналған өкінішім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанардан ағып бірге қайғы, үміттер

  • 0
  • 0

Жанардан ағып бірге қайғы, үміттер,
Пәрменді екпініне айрылып жер.
Даламның белес-белес пернелерін,
Барады басып-шауып сәйгүліктер.

Толық

Жан сырласым...

  • 0
  • 0

Сырды жүрген жасырып,
Шертсем, жылар тас ұғып.
Даусым жетпес алысқ-а-а-а
Елегізем... асығып.

Толық

Айтудан ашық арланам

  • 0
  • 0

Айтудан ашық арланам,
Көзіме менің жас толды.
Жанымды мәңгі арбаған,
Маржан дегенім тас болды...

Толық