Қызыл гүл – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қызыл гүл» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 763
Сені ойласам әуелейді ән-сезім,
Қиялымды құз басынан асырдым,
Қызыл тілдің ұшындағы жан-сөзін,
Қызыл гүлдің қауызына жасырдым.

Қызыл гүлдің күлтелері дірілдеп,
Жеткізіп тұр ішімдегі дауысты.
Ерініңмен тым еріне күбірлеп,
Саусағыңмен нұсқап қалдың алысты.

Мен де дереу қарай қалдым күнсалып,
Аққу екен, көз ұшынан ұзады.
Бір сәт лезде көңілімді мұң шалып,
Тәтті ойымды күдік-алаң бұзады.

Қызыл гүлді құшақтадың қымбаттым,
Саған ауған ақыл-есім ауаным.
Жүректегі жасырынған жұмбақтың,
Күллі әлемге жая салшы жауабын..!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері