Назерке – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Назерке» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1603
Шахзаданың сүйген қызы отырып,
Айтты назды қасына алып сүйгенін:
«Мені сүйсең туғаныңды өлтіріп,
Әкел маған айырып бас сүйегін».
Махаббаттан түйсігі жоқ бұл жігіт,
Қыздың құлы болып кеткен секілді.
Бірге туған өз бауырын өлтіріп,
Қызға оның бас сүйегін әкелді.
Бас сүйекке қыз толтырып, у салып.
Құйды дағы жігітке енді «іш» деді;
Жігіт ішті... ғашықтық бір дел-сал ғып,
Оның үшін тұрған тылсым күш еді.
О, дариға! Шын жүректен тулаған,
Бар айыбым – сүйгенім бе, тек қызды.
Есіл жастың сүйегіне қураған
Құйып зәрлі уды маған жұтқызды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Назерке өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Назерке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Назерке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Назерке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері