Сусын берді

Бұл бетте «Сусын берді» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 810
Көп жылдар көрмей жүріп, келдім елге,
Әлде не ойға оралып, аң-таң қалдым,
Тізгінін бұрып аттың жақын бардым
Бір кезде мені жылан шаққан жерге.
Орнапты сол жерге бір сұлу сарай,
Алдында шынар өсіп әуелеген,
Арты бақ гүл-гүл жайнап мәуелеген,
Ойладым: «Салынған деп кімге бұл жай?»
Қарады терезеден бір сұлу қыз,
Тұрғандай ақ бетінен сүйгізгелі,
Әлі есте жүрегімді күйгізгені!..
Жарқырап жанып тұрды шолпан жұлдыз,
Сайрады ол: бұл колхоздың үйі деді,
Қолынан колхоз қызы сусын берді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сусын берді өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Сусын берді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сусын берді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сусын берді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері