Әпкең барда – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Әпкең барда» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әпкелеріме

Әпке - деген қандай жақсы,
Соңынан бір қалмайсың.
Киімін киіп,​ затын алып,
"Тез келем" - деп алдайсың.

Әпкең барда еркелеумен,
Көп жұмыстан қашасың.
Ұрса қалса, өкпелеумен,
Кей сырларын ашасың.

Жігіт-желең жолап кетсе,
Қызғанасың тас атып.
Шын жезделі болған кезде,
Қинайды тек қимастық.

Бақыт​ тілеп жатқа кеткен,
Жан әпкеңді сағынып...
Анда-мұнда бір көріссең,
Сырласарсың ағылып.

Әпкең барда алқып-шалқып,​
Қыдырасың жат елге.
Құдаша боп, төрге отырып,
Сый көресің өзгеше.

Шектен шыға пайдаланып,
Қамқорлығын көресің.
Дұрыс емес істеріңді,
Уақыт өте сезесің...!

Жас ұлғайып,​ қартайғанда,
Көп уайымдайды екенсің.
Еш қиындық көрмесе - деп,
Күн-түн дұға етесің...!

Аман болшы жан әпкелер,
Барлығыңды сүйемін.
Сендер аман жүрген үшін,
Зор бақытқа иемін!

Әрбіріңнің орның бөлек,
Әрқайсың бір жеке әлем.
Өздеріңмен өмір ғажап,
Бақыттымын мына мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпкең барда өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Әпкең барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әпкең барда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпкең барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар