Мереке майданында – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Мереке майданында» атты Сәкен Сейфуллин жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 22.07.2022
  • 0
  • 1
  • 5851
Той болса, той қылған жұрт тойламай ма?
Сауық қып мерекеде ойнамай ма?
Жұмылып жайшылықта қоңыр түспен,
Алдағы, арттағы істі ойламай ма?
Шаттықта саңқылдап тек үнің шықсын.
Үнің мен екпініңнен дұшпан ықсын,
Дабыл қақ, керней ойнат, шық майданға
Қорғалап пасық жауың жынша бұқсын!
Майданда еңбек ұлы түгел дабыл!
Іс келсе құмырсқаша қаптай жабыл.
Октябрь жер мен көкті солқылдатсын
Лек-лек бас, соқтыр керней, соқтыр дабыл

1934 жыл, 1-қараша.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Сая

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері