Сен өлген күн – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сен өлген күн» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2120
Сен өлген күн,
Көзіңде Ай-нұр сөнген күн,
Өзіме қайғы төнген күн,
Сезімді мәңгі көмген күн.
Есімде
Күлкің, ақ жүзің
Іздеген бейнең бақ ізін
Наурыздың нәркес кешінде
Адыра қалды-ау арманың
Несіне?
Қайырым қатпай тағдырым,
Жазылмай жанда сан жырым
Иесіне.
Жете алмай жолда жыртылды,
Сағыныш сартап құртылды.
Сен өлген күн
Қиылып түсті қанатың,
Күтті ме жұмақ жәннаты
Бұлқынып жаның іргемде,
Жұлқынып тәнің бір демде.
Ұйқыда кейпің сәнді ме?
Көзінді жұмдың мәңгіге.
Өзіме қайғы төнген күн –
Сен өлген күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен өлген күн өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сен өлген күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен өлген күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен өлген күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері