Өсиет – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Өсиет» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ата-бабам жатқан жер,
Отанды сүйем өлшеусіз.
Алғаш анам қатқан үн,
Тілімді сүйем мен шексіз.
Əжемнен алып өнеге,
Ибамен өстім білсеңіз.
Бақыттың жолы ашылар,
Шындықты оқып көрсеңіз.

Қасыма алып ұлымды,
Үйреттім өнер-білімді.
Тəрбиеледім қызымды,
Көрмейін деп мініңді.
Болашаққа хат жаздым,
Жеткізейін деп үнімді.
Естелік қылып қалдырдым,
Өлеңдерімнен үзінді.

Шабыттан жырым сорғалап,
Қаламым кетті жорғалап.
Желіге күн-түн жабысқан,
Ұрпақ өсуде бір ғажап.
Пайдалы іске бет бұрсаң,
Береке табу демде-ақ.
Аллаға ғана қол жайсаң,
Маржа табарсың тонналап.

Қызым - ау қызыл жауқазын,
Намазбен атсын əр таңың.
Мінезің болсын жібектей,
Ашуың болсын қас-қағым.
Жүзіңнен шуақ бөлініп,
Əдебің тұрсын көрініп.
Өсектен алыс жүргейсің,
Аузыңнан дұға төгіліп.

Əн менен күйдің соңына,
Əулекіленіп түспегін.
Күніге Құран оқысаң,
Сауаптан болар ескегің.
Жаратқан өзі жар болса,
Өмірлеріңде мəн болар.
Жаннатқа жолды көрсетер,
Қолдарыңда шам болар.

Ізденіңдер ғылымды,
Ғылымның кілті білімде.
Жоқ дегенде бір өнер,
Үйреніңдер күніге.
Бес-алты тіл біліңдер,
Тіл білгенге қызмет көп.
Ұлық болсаң - кішік бол,
Тəкəппарға бақыт жоқ.

Кісі ақысын жемеңдер,
Жаманға мүлде ермеңдер.
Тіліңді кесем десе де,
Жалғанды шындық демеңдер.
Жоламай əсте рибаға,
Жақындай көрме зинаға.
Берік болсын иманың,
Жүзіңді​ бұрғын құбылаға.

Дүние деген əзəзіл,
Соңына түссең азарсың.
Адалдан тапсаң табысты,
Береке содан табарсың.
Оңай жерде - олжа жоқ,
Есіңе мұны аларсың.
Жақсыны дос тұт қашанда,
Жаманнан жаза табарсың.

Білімнен алған нəрімді,
Жақсыдан алған тəлімді.
Беріп жүрмін бе білмедім,
Сендерге үлгі-нанымды..?
Ана үмітін ақтарсың,
Сендермен елім​ мақтансын.
Бірің - ай, бірің - күн болып​,
Жадына елің сақтасын.
Жақсы атыңды есітіп,
Анаң мен əкең шаттансын.
Біз разы болсақ сендерге,
Раббыңнан разылық тапқаның!

20.02.2018


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсиет өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Өсиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар