Қызыл әскер маршы – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қызыл әскер маршы» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1977
(Қызыл әскердің 10 жылдық тойына арналды. Күйі бар.)

Бізді Октябрь туғызды,
Болатпен бел буғызды,
Жұмыскер тап жауларын
Елден түріп қуғызды.
Ұшан қызыл туымыз,
Еңбекші тап нуымыз,
Тітіретеді дұшпанды
Жер қозғалтқан шуымыз.
Бірдей бас,—
Аттап!
Жұп жазба!—
Сап-сап!..
Нықтап бас,—
Тап-тап!
Тап-тап!
Қызыл әскер қайратты,
Арыстандай айбатты,
Қызыл тумен көркейтіп,
Жүрген жерін жайнатты.
Ұшан қызыл туымыз,
Еңбекші тап нуымыз,
Тітіретеді дұшпанды
Жер қозғалтқан шуымыз.
Әсем бас —
Жалт-жұлт!
Жалын шаш,—
Жарқ-жұрқ!
Қайрат тас —
Сарт-сұрт!
Сарт-сұрт!
Күш — коллектив еңбекте,
Еңбекке дес бермекте.
Шығамыз біз майданға
Еңбек жауын жеңбекке.
Ұшан қызыл туымыз,
Еңбекші тап нуымыз,
Тітіретеді дұшпанды
Жер қозғалтқан шуымыз.
Сымдай боп —
Тіп-тік!
Шойындай
Нық-нық!
Адымда —
Жұп-жұп!
Жұп-жұп!
Дүниеге әкім болғандар,
Жасап құрал қорғандар,
Белдесетін жауымыз —
Еңбек қанап сорғандар.
Ұшан қызыл туымыз,
Еңбекші тап нуымыз,
Тітіретеді дұшпанды
Жер қозғалтқан шуымыз.
Көк қылыш —
Алмас,
Қол құрыш
Талмас!
Жау тыныс
Алмас!
Алмас...
Интернационал ұранды,
Социалистік Отанды
Біз аламыз дүниені ,—
Біз — жеңілмес құралды!
Ұшан қызыл туымыз,
Еңбекші тап нуымыз,
Тітіретеді дұшпанды
Жер қозғалтқан шуымыз.
Ер, жарақ,
Ат —марш!
Ауыздық
Қарш-қарш!
Қызыл ер —
Марш-марш!
Марш-марш!

1928 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл әскер маршы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қызыл әскер маршы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл әскер маршы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл әскер маршы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері