Ғашық

Бұл бетте «Ғашық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5608
Сен не дейсің?
Ағайын, ол не дейді?
Көп дүние ол үшін көлегейлі.
Сүйгенінің қасында,
Басқа түгіл,
Періштенің өзін де елемейді!
Ғашық жандар қызық қой —
Көз ілмейді.
Құдірет те,
Құдай да өзім дейді.
Құшағында тұрғанда қуаныштың
Кесіп алсаң құлағын... сезінбейді!
Ұмыттырып барлығын ғашық әні,
Інжу болып,
Маржан боп шашылады...
Көз дегенің жұмулы!
Көзі кейін
Ашылады,
О-ох, қалай ашылады!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ғашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері