Тазала – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Тазала» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1388
Финотдел, совет, ОГПУ, бәрін алдап,
Жалмауыз, қанға тоймас, қарын жалдап,
Халыққа мұқтаж, тапшы нәрселерді
Борсықша тыққан ұрлап, арын жалдап.
Қарарсыз арамдығы асқан қулар,
Ұятқа итше сарып, басқан қулар.
Құлқына тыю түссе итше ұлысад
Кекіріп қарнын сипап тасқан қулар.
Борсықша борс-борс айдап борсылдатып,
Құстырып, сорған майын қорсылдатып
Милиция көтке теуіп домалатып
Айдады енді міне торсылдатып.
Метрсіз елге сатпақ кездерімен,
Алдаушы арам, ескі безбенімен.
Жасырған қоймасымен бірге ұсталып,
Мүләйім жас мөлтілдейд көздерінен.
Обырдың кім таң қалад тоймасына?
Құлқынын тыяды деп ойласын ба?
Шай, астық, секер, сабын, кездемені,
Ақырын жинап тыққан қоймасына.
Байекең, енді неге қорқып бұққан?
Қарашы, бейне тышқан іннен шыққан!...
Мінеки, қоймалары талқандалды,
Тышқанның іншігіндей азық тыққан.
Милиция тұрған бағып темір жолда,
Отарба жүріп жатқан өмір жолда.
Поезды вокзалға кеп тосып алды
Найзалы мылтығы бар темір қолда.
Бұйырып: «Үстіме жан енбесін!» — деп,
Қойғандай: «Ешкім мұнда келмесін!» — деп,
Бір жалдап отыр екен сол поездың,
Жұмсақ іші вагонның бөлмесінде.
Саудагер құнан қойдай семіз бордақ,
Қарыны кебежедей, беті дордақ.
Сыймайды ала жібек шапанына,
Солқылдақ барқыт қапты диванда орнап.
Бұл жалдап Ташкендегі ақшалы бай,
Егетін жүзім, алма, бақшалы бай.
Қыдыртып қымбаттатып нәрсе сатқан,
Жібек, қал, кілем, баһмал, шапталы, шай.
Қарарсыз арамдығы асқан қуды,
Ұятқа итше сарып басқан қуды.
Милиция отарбадан айдап шықты
Кекірген, қарнын сипап тасқан қуды.
Милиция!.. Әлі де бар бұққан жалдап!
Сұғанақ, жылпылдатып жеген алдап.
Қулардың ескі-жаңа паспорттарын
Тексеріп байқа тағы әбден аңдап!

1928 жыл 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тазала өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Тазала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тазала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тазала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері