Қандай қымбат – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Қандай қымбат» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 2
  • 8426
Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!


Пікірлер (2)

Әйгерім

Өте тамаша,жақсы болды іздеп таба алмай жүрген едім!

Ақназ

Маған барлық өлеңдер ұнады, бірақ ең қатты ұнағаны "Қандай қымбат" өлеңі. Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай қымбат өлеңінің авторы кім?

Мұзафар Әлімбаев — осы өлеңнің авторы.

Қандай қымбат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай қымбат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұзафар Әлімбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай қымбат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері