Польша жұмыскер табының уәкілдеріне

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1570
Мейлі, есірсін,
Жау бізге оғын сайласын!
Қан майданға
Малын, басын байласын!
Өткен майдан
Сабақ болған әркімге,
Біз көрерміз
Жаудыңтүрлі айласын...
Теңдік жауы
Күшін тағы байқасын.
Аянбасын,
Қан қанжарын жайқасын.
Құлатам деп
Құрыш темір ордасын! —
Жұмысшы тап
Отанымен шайқассын...
Жер жүзінің
Капиталы ұласып,
Мейлі, тағы
Тиіп көрсін, байқассын.
Бұл болашақ,
Сертті майдан ақырғы, —
Ер болса жау
Екі қылыш айқассын!..
Жындандырды
Капиталды қан басып,
Өлерінде
Жағаласпақ жармасып.
Енді айқасса
Есірік жын капитал,—
Біз тынбаймыз
Күл-күл қылмай жанбасын?.
Бұл майданда
Еңбек табы дүниенің
Біз білеміз
Бізден бөлек қалмасын.
Капиталмен
Белдескенде еңбек тап,
Біз білеміз —
Тап жолынан танбасын.
Жұмысшы тап
Өкілдері Польшаның!
Ер көңілді
Ешбір күдік қалмасын.
Қиындықпен
Сансыз жаумен алыссақ —
Білдіремін
Біздің білек талмасын...
Совет елі
Тынбай істер құртқанша
Капиталдың
Салып кеткен таңбасын.
Тиген жауға
Октябрьдің солдаты
Сап көрсетер
Қылшылдаған алмасын.
Білдіремін
Құрығанша тап дұшпан
Ол алмасты
Қынға мүлде салмасын.
Қолдан алмас
Тасталады мәңгілік
Тап дұшпанның
Домалатып қан басын!..

1929 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Польша жұмыскер табының уәкілдеріне өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Польша жұмыскер табының уәкілдеріне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Польша жұмыскер табының уәкілдеріне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Польша жұмыскер табының уәкілдеріне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері