Бірінші лек

Бұл бетте «Бірінші лек» атты Сәкен Сейфуллин жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1747
(Қазақстан төрағасына)
САҒЫР МЕН ТАЙЫР БІТІРІП ШЫҚҚАНДА

Өткен дәуір
Қанау еді.
Үстем сана
Талау еді.
Қараңғылық,
Қамау еді
Ескі өмірді ойласаң.
Меңіреу пәле
Өткен дәуір.
Қара албасты
Басқан ауыр.
Лағынет айтад
Жүрек бауыр —
Ескілікке бойласаң.
Әлді әлсізбен
Теңеспеді,
Әлді әлсізді
Жемес пе еді?
Бұрын құлдықта
Емес пе еді
Езілген ел мазақта?
Надандық тот
Басып түрін,
Көріп пе еді
Ғылым нұрын,
Дарылпұнын
Түгіл, бұрын
Мектеп бар ма ед қазақта.
Міне, шашып,
Әлемде үнін,
Бірінші ВУЗ
Дарылпұнын,
Бірінші — лек
Шыққан ұлын
Елге еңбекші береді.
ВУЗ-дан өткен,
Бірінші лек
Сап жүптеліп
Адым шіреп,
Солдатша өңкей
Жігер білек —
Майданға адым кереді.
Сол майданға
Күшті салдық...
Жойылатын
Ескі қалдық,
Ол зор майдан
Социалдық
Мәдениет майданы.
Біздің лектің
Өткір тісі,
Арыстандай
Майданда ісі;
Болмақ барлық
Екпін күші
Құрылысқа пайдалы.
Майданда күш,
Білек талмас,
Екпінділік
Жолдан танбас,
Оңға, солға —
Сілтеп алмас,
Қылшылдамақ қылыштай.
Істе бәспен
Жарысқанда,
Күшті қатар
Салысқанда,
Жаумен қасқырша
Алысқанда —
Опырмақ көк құрыштай.
Оқытуға
Еңбекші елін,
Надандықтың
Басқан шелін
Жою үшін
Буып белін
Бұлар іске сайланған.
Ну заводта,
Соққан шыңдап,
Төске таптап
Сомдап сымдап,
Өрнек салып
Өңдеп, жымдап,
Ақ болаттай қайралған.
Социалдық
Тұтқан ұран,
Марксшілдік
Қолда құрал,
Сұңқарша алға
Қарап қыран,
Дайындаған күреске.
Маркс жолын
Құралға алса,
Онымен шын
Құралданса,
Социалдық
Ұранды алса,
Жығылмас ер тіресте.
Қайтпай жаудан
Соқса жүрек —
Талмаса істен
Жігер білек, 
Социалдық
Болса тілек
Қоршаған жау ығады.
Бұлар біздің
Бірінші лек,
Алдыңғы caп —
Кіл тас түлек,
Совет жолы
Түйген тілек —
Зор майданға шығады.
Бірінші лек
Қанат қомдап,
Міне, шықты
Күшін сомдап,
Күш құралын
Білеп ондап
Алға дүрс-дүрс басады.
Бірінші лек
Шықса бүгін
Атқармаққа
Міндет жүгін,
Кейін лек-лек
Үзбей жігін
Майданға ылғи асады.
Білім беріп,
Қатар томдап,
Құрышша әбден
Құйып домдап,
Соғып, сомдап,
Шығарды ылғи маманды.
Бұлар — білім
Мамандары.
Қызу майдан —
Замандары,
Құрыш таға
Табандары —
Майданда ылғи командир.
Ұсталардың
Біреуі мен, 
Бұлшық білек
Білеуімен
Көңілдің шын
Тілеуімен
Соққан ғылым тағасын.
Сен — еңбекші
Ел ағасы,
Ең құрметті
Бел ағасы,
Қазақстан
Төрағасы —
Бас кеңеске ағасың.
Ел ағасы
Менің де ағам,
Еңбекші елге
Соққан тағам.
Онымды айтып
Лекті өткізіп
Дабыл қағам —
Барша әлемге білдірем.
Досты осымен
Сүйіндіріп,
Білек күшін
Түйіндіріп,
Дұспанды ащы
Күйіндіріп, —
Досты жырмен күлдірем!

1934 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірінші лек өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Бірінші лек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірінші лек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бірінші лек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері