Өлең, жыр, ақындар

Жыл басы – қарлығаш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2802
Өліп жатқан жер жүзіне
Жаз келген соң жан кірді.
Ойда, қырда жап-жасыл боп,
Жасарып жер жаңғырды.
Жасыл жерге гүлден өрнек
Неше түрлі сән кірді.
Торғын көктен көк ала бұлт
Төкті гауһар жаңбырды.
Сұлап жатқан үнсіз жерге
Тіршілік, «шу», даң кірді.
Тау мен орман, шалқар көлге
Шаттық күй мем ән кірді...
Күн күлімдеп жылы деммен
Ұлы ананы бұлайды.
Жұпар бүркіп, жібек желмен
Кең денесін сылайды.
Жан-жануар ұлы анасы —
Төсі сүтті қара жер,
Жас босанып бұланады
Төсін ашып ағып тер.
Жер — ұлы ана, буы — демі,
Жадырайды көсіле.
Еңбекші жан уыз еміп
Өрмелейді төсіне.
Жан иесі тірілісті
Шат боп еңбек тұрмысқа.
Жандандырды қылған істі
Қалың ісші құмырсқа.
Міне, шат боп сымпылдасып
Қарлығаштар зырлайды.
Ойды кезіп, қырдан асып,
Жаздың жырын жырлайды.
Көркем тұрмыс жылдың құсы
Ер, екпінді қарлығаш,
Болсын күйлі қылған ісі,
Жырла жазды жарлыға!

1927 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл басы – қарлығаш өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жыл басы – қарлығаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жыл басы – қарлығаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл басы – қарлығаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері