Нұра

Бұл бетте «Нұра» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 4871
Сағынып, Нұра, мен келдім,
Бұрынғы иең– байғұсың.
Айрылған сенен көп елдің
Жатырсың көрмей қайғысын.
Мекен болдың бір уақыт
Көшіп жүрген қазаққа
Айырылып сенен бейбақыт
Сорлылар қалды мазаққа
Қырғауылдары селкілдеп,
Маңырап көшіп жағалай,
Түндіктері желкілдеп,
Қонған қазақ сағалай.
Жазғытұры болғанда
Ұжмақтай гүлің жайнаған.
Бұтаңа құстар қонғанда
Мың құбылтып сайраған.
Ұжмақ иісті сайларға
Желілеп бие байласып,
Кедейлер де, байлар да
Рахатпен жайласып.
Мөп-мөлдір аққан суыңа
Шомылған қыз-келіншек.
Олардың күлкі, шуына
Тал паналап келуші ек.
Әртүрлі әнге, күйге сал
Жатқанда құстар ұяда,
Рахатқа батып ләззат ап,
Алысушы едік мияда...
Сырыңды айтшы сен маған,
Атамыздың жайлауы!
Мың-мыңнан жылқы жусаған
Биелердің байлауы.
Айтпасаң да білем мен
Ішіңдегі сырыңды.
Қайғыдасың бүгін сен,
Айтпайсың бірақ шыныңды.
Қош, Нұра, тағы көргенше
Есендік берсін бір құдай.
Енді қайтып келгенше,
Ескі иең жүрер құр жылай!
Бұрынғыдан қайғылы
Құстарың да сайрайды:
Қолдан келер еш не жоқ,
Жүрек от боп қайнайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұра өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Нұра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері