Екі күш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1386
Жұмыскер тап
Алып жаудың ордасын,
Қан майданда
Талқан қылып мордасын.
Жайқап туды,
Лектеп нуды,
Жауды қуды,
Көкке ұшырып
Күлін — арам қордасын!.
Жау жұмсады,
Неше түрлі айласын;
Білсе де сұм
Біздің табан таймасын.
Іштен, тыстан,
Әрбір тұстан,
Деді мыстан: «Социалды
Тілек қанат жаймасын!»
Іштен, тыстан,
Жау сұм тілін безеді.
«Ай, сені ме!» —
Дегеніңе оқ кезеді.
Арам нәсіл,
Туы ақ, жасыл,
Қандай тәсіл.
Қолдануын,
Сұм залымдар сезеді.
Сұм ұлдары,
Түрлі құрал қармасты.
Айқасып сан,
Кезеңдерде жармасты.
Қылыштасып,
Қал май жасып,
Шықтық асып,
Оңды-солды
Жарқ-жұрқ сілтеп алмасты


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі күш өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Екі күш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Екі күш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі күш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері