Өлең, жыр, ақындар

Мен

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1468
Сол майданда
«Болдым, — демен, — ірі едім,
Біркелкі лек ішіндегі дыры едім...»
Бірде атты қос,
Бірде матрос,
Көп ұланның
Эскадронда, Эскадрада бірі едім.
Қызыл жалау
Алып стан шетінде.
Кежуілде
Жүрдім жаудың бетінде,
Ұшқыр лекте,
Күш білекте...
Кейде шекте
Түтіндеткен
Газ бен оқтың өтінде.
Эскадронный
Кейде алдында, соңында,
Кейде оңында,
Жүрдім кейде солында,
Талап жасып,
Талап тасып,
Асу асып,
Ат үстінде
Жүрдім жал мен қомында...
Бір қиын жай —
Жаудың газды мұнары.
Жігітті бұл
Майданның бір сыңары,
Тұман сасық,
Кейде адасып,
Теріс басып,
Шатастырды
Дұшпанның сұм құралы.
Кейде жаудың
Жығылып ат орына,
Жүрдім кейде ілініп те торына.
Шапқан желіс,
Бірде теріс,
Бірде келіс,
Бірде кеміс.
Жүйткіп орап
Шығып жүрдім жолыма...
Астымдағы ат,
Кейде жалт-жұлт елікпе,
Сылаңдаған
Қызу шіркін желікпе.
Кейде ұрт басад,
Кейде мүлт басад,
Кейде от шашад,
Күйшіл шіркін
Жай аяңдар көрік пе?..
Ат, Шіркін
Жөн, Шап!
Нақ Бас,
— Бол, Сақ!..
Құлаш кер,
Нақ-Нақ!
Аңдап бас,
Тақ — Тақ!
Лек
Жөнің
Сақ Бас...
Және кейде,
Жұрттың жөнді табасы:
Кейде ауыттау
Соғады алмас сақасы.
Құлаған тап,
Тұзағын сап,
Аяқтан ап,—
Сүрінеді ат
Кейде жұқа тағасы.
Көз — қарақ,
Сақ Бол.
Тез
Қарап бақ,
Шол!..
Көп қауіп,
Жау мол.
Кетпе
Ауыт, — оң,
Сол!..
Дәл шап,
Құс - қол!..
Кейде ат жүйткіп,
Кейде өткелде жалдайды.
Майданды жол
Мықты білім талғайды.
Қызу тілім,
Жұқа білім...
Дұшпан жылым —
Дұшпан сана
Шырмауық боп алдайды.
Мардамсынам
Сол майданды көрдім деп,
Кеудені ашып
Құлаш төсті көрдім деп..
«Ескі жалған — болсын талқан!..»
Деп ат салған.
Бас командарм
Ұранына ердім деп.
Майданды алған
Лениннің отты ұраны...
Болдым сонда
Ұшқыр лектің бұлаңы.
Бірде атты қос,
Бірде матрос,
Бейне альбатрос.
Эскадронный,
Эскадраның ұланы,
Сонда-ақ Ленин
Туына иман сенгеміз.
Сол туға еріп
Ұлы майданға енгеміз,
Партия алда,
Ту нық қолда
Командирда,
Сол команды
Астында жау жеңгеміз.
Коммунизм
Маяғын көз үшінде.
Тұтып алға
Бастаған ту күшінде,
Суда юнгі,
Жерде сүңгі...
Қызмет еттім
Күндіз-түнгі,
Жерде эскадрон,
Теңізде эскадра ішінде.
Көк
Құрыш,
Жылт, — Жылт.
Болса
Ұрыс,
Соқпа ұрт!
Соқ, Сақ!
Жалт!
Жұлт!
Соқпа
Ауыт — ұрт
Мүлт!
Тудағы ұран Маркс,
Ленин сөзі еді.
Маякқа жол
Тартқан қыран көзі еді.
Штаб жарын
Диктап бәрін,
Бұйрықшы бас
Командарм
Жерде де өзі,
Теңізде де өзі еді.
Теңіздегі
Флот вахта басында,
Бұйрық беріп
Штабтың ортасында,
Биік тұрғы,— Ленин тұрды,
Совет құрды.
Штаб - ЦК,
Капитандар қасында.
Басып тұрды,
Командарм тұрғысын.
Коммунизмге
Сап Маркс дүрбісін,
Тұрды нұсқап,
Рульді өзі ұстап,
Қасында штаб,
Жауға айнала
Қадап көздің бұрғысын.
Военфлот
Жүзіп коммун жолында,
Гүрс-гүрс атыс
Алды-арты, оңды-солында.
Тұрғыда өзі,
Саңқ-сұңқ сөзі,
Жауда көзі, Маркстің нық
Тұрбасы бір қолында...
Тұтып коммун
Маягын көз үшінде,
Жаумен майдан —
Жосқан флот күшінде,
- «Иесі!.. Гут...» —деуде
Ашық кеуде,
Ашык жейде,
Матрос едім
Эскадронный ішінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жау

  • 0
  • 0

Құрсаған жау
Ақ, көк, ала түменен,
Жер үстімен,
Аспанменен, суменен.

Толық

Айт күні

  • 0
  • 0

Тоқшылық бүгінгі күн берекелі,
Көңілді ойын-күлкі мерекелі.
Әр адам өз әлінше айт қылып жүр,
Дүниенің сезілгендей кең екені.

Толық

Жасқанған ба ол!

  • 0
  • 0

Бір күні тез
Бір флангті көруге,
Келді автомен
Алдыңғы шеп шеруге.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар