Қызыл ерлер – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қызыл ерлер» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1921
Патшалар, байлар, мырзалар,
Көп жыл бізді билеген.
Шіреніп жатып ақ үйде
Табанымен илеген.
Кешегі өткен күндерде,
Ауыр қара түндерде,
Қараша үйде жылаған,
Шала-жансар сұлаған, — біз едік.
Мырзаларға, байларға
Сәжде қылып құл болған,
Жүректің оты, рух сөніп,
Жігері сонда құм болған, — біз едік.
Арылған батыр ерліктен,
Өжеттік, қайрат, өрліктен.
Жарлының біз ұлы едік.
Мырзаларға құл еді,
Бірақ біз бұрын құлдыққа
Шыдамайтын ер едік.
«Тіршілік көркі — мәнісі
Екпін, ерлік» дер едік.
Оттан, оқтан тайсалмау
Көкіректен иман серт болып
Иілмеуші ек дұшпанға
Болаттай құрыш морт болып,
Балғын білек — қарулы,
Асауменен алысқан,
Ат үстінде ойнасып
Жел қаңбақпен жарысқан — біз едік.
Ентелеп алға екпіндеп
Жауға қарсы шабысқан,
Қамал құрып майданда,
Атысып жаумен қарысқан — біз едік.
Тірідей бермей қамалды
Қамалда жатып қарысқан
Ар, намыс, ерлік серт болып
Көкірекке найза салысқан, — біз едік.
Сөнген ерлік қайтадан
Тұтанды көзде жайнаған
Ашындырды аюдай, -
Кек пенен қан қайнаған.
Бостандық үшін ант қылып,
Күресуге тұрдық біз.
Республика советін
Ұран салып құрдық біз.
Әмірші совет тапсырған
Қызыл туды қолға алдық.
Пулеметке, маузерге
Қатарлап тізіп оқ салдық.
Біліңдер, арам мырзалар,
Бұқпаспыз, енді жатпаспыз.
Баяғыдай сендерді
Қорғап енді оқ атпаспыз.
Мырзалардың, байлардың
Біз батыры емеспіз.
Жауыздар үшін қан төгіп,
«Дінім», «ұлтым» демеспіз.
Бейнетке піскен жан-тәні, -
Біз нашардың солдаты.
Қызыл ту мен пулемет
Бізге берген мандаты.
Жауымыз обыр — капитал,
Дәлдеп ат, жолдас, қыран — ат,
Рақым жоқ, жолдас, даяр тұт
Зеңбірек, маузер, гранат.
Дүниенің барлық жарлысы
Бауырымыз, біздің жұртымыз.
Олардың бақыты, үкімі –
Дініміз, біздің ұлтымыз.
Жұмыскер, балғын білекті,
Балтырлы, қызыл желекті
Келіншектің төсінен
Уыз емген баламыз.
Бейнетпен піскен темірдей,
Тыншықпас жауын жемірмей,
Капиталдың қорғанын
Талқан қылып аламыз.
Езілген қалың, жарлы тап,
Шық жасаққа, — ұран сап!
Жауларың — байлар, ал қолға
Зеңбірек, маузер, гранат!

1921 жыл, 26 наурыз. Омбы.
(Асау тұлпар)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл ерлер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қызыл ерлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл ерлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл ерлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері