Толқын

Бұл бетте «Толқын» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3030
Сұрапыл соққан күңіреніп,
Көл толқыны басылар;
Тітіреп дүмпіп жарылған
Жер толқыны басылар;
Күйініш, қайғы іс түскен
Ел толқыны басылар;
Ел-жұртынан айрылған
Ер толқыны басылар;
Махаббат, қасірет толқыны
Басылмас ыстық жүректің.
Басылмас қайғы толқыны
Кернеген шерлі көкіректің.

1916 жыл, шілде,
Ереймен, Ащылы көл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқын өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері