Домбыра

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 1
  • 6887
Алқа-қотан әлеумет
Отырды кең ордада.
Өткен-кеткен әңгіме
Сөйленіп өтті ортада.
Домбырамды қолға алып,
Шертіп, толғап күйлеттім.
Түрлі сарын, түрлі күй
Пернелерін сөйлеттім.
Біресе сөйлеп рухтанып,
Домбырам менің зарлады.
Біресе жылап күңіреніп,
Біресе тағы аңырады.
Біресе шалқып шаттанды,
Сөйледі, күлді сыңқылдап.
Біресе қызып күйінді,
Күрсініп, уһлеп, ыңқылдап.
Құмарланып біресе,
Елжіреп мас боп былқылдап,
Жалындай жанып, созылып,
Үзіліп, толғап қыңқылдап.
Домбыраға қосылып
Көкірегім де сарнады.
Кернеді, толды, тасыды,
Көзімнен жас парлады.
Біресе толып күш келіп,
Құлаштап бипыл шалқыды.
Біресе еріп балдай боп,
Үлбіреп және балқыды.
Тыңдаушы үйде әлеумет
Көңілденді, ойнады.
Тұнжырасып біресе
Тереңге сүңгіп ойлады.
Домбыраның күйлері:
Жас жүректің сыры еді,
Көңілдің зары, мұңы еді,
Көкірек сарын-үн еді.
Кеулеген рухтың иманы,
Шалқыған екпін күші еді.
Үлбірек, нәзік әм сезгіш,
Қайнаған жанның ісі еді.

1922 жыл, Ташкент, Дұрмен


Пікірлер (1)

Сакен Сейфуллин

Добрамен жазған өлендері

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері