Жеткіншегім, тартынба! – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Жеткіншегім, тартынба!» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2020
Жүдеген інім — жеткіншек,
Тән мен жаны шөлдеген.
Қаладағы көп інішек,
Қалың саяқ елдегі!
Надандық меңіреу тұманның,
Ауыры қалды артында.
Ентелей бас ілгері,
Жеткіншегім, тартынба!
Жас пен қанға боялған
Қиырсыз алыс артың бар.
Оны саған баяндар
Шежіре-тарих қартың бар.
Туысқандық, бостандық—
Міне, енді жаңа салтың бар.
Жолың түзу нұсқалды,
Күшті түзу тартыңдар!
Зор майданда бәйге алмақ—
Сендерге тиген сыбаға.
Арттағыны салмақтап,
Оларға беру сын-баға.
Майданы кең белгілі,
Бәйгең — бақыт алдың бар,
Қарақшың алда әйгілі,
Бақытты жеңіп алыңдар!
Бар әлемге бірдей қып,
Бақытты тұрмыс жаратпақ.
Табиғатты пілдей қып,
Білімге жегіп қаратпақ.
Талай зеңгір артында
Асуы қиын тау қалды.
Талай ғасыр алысқан,
Жеңіліп талай жау қалды.
Талай қиын артыңда
Дүлей, меңіреу жол қалды.
Талай, сусыз, қиырсыз,
Тікенді, тасты шөл қалды.
Талай елдің сол жолда
Табанынан қан аққан.
Талай жанның төгілген
Қанды жасы қабақтан.
Алдың енді айқын жол,
Енді берік табаның,
Сұм заман қалды артында,
Бақытты енді заманың.
Аспанға ұшар көк құрыш —
Аэроплан қанатың.
Автомобиль, машина —
Күшті көлік бар атың.
Бұрынғыдай бөгеттер,
Қиын емес жолында.
Аспан да, жер де сенікі,
Бар дүние қолыңда.
Надандық меңіреу тұманның
Аулы қалды артында.
Ентелей бас ілгері,
Жеткіншегім, тартынба!

1923 жыл, тамыз, Орынбор


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеткіншегім, тартынба! өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жеткіншегім, тартынба! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеткіншегім, тартынба! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеткіншегім, тартынба! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері