Күйзелу
Бұл бетте «Күйзелу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қадіріңді білмес ортада
қасірет екен күн кешу,
қыжылдар толып қолқаға,
күлімдеген болып тілдесу.
Қонжық ұсқынды бастығың
көсемсіп ақыл үйретсе,
шекеңді шымшып ащы мұң
отырасың дәл бір микеще.
Кердеңдеп орнын бұлдай ма,
қамқорлығы басынан аспаған.
Ақымақ көрінер мұндайға
жалғыз өзінен басқа адам.
Сайрасам сөзбен шоқ шашып,
ел білер су кім, шекер кім.
Тоғышар тоқтар топтасып
тағдырымды шешсе, не етермін…
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі