Жел қайықта

Бұл бетте «Жел қайықта» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1994
( ........ арнадым)
(Қазақстанның 4-жалпы кеңестер жиылысында ең бірінші рет Қазақстанға келген аэропланмен ұшқанымызда.)

Ұмытпа сол күнді сен аспанға ұшқан,
Жер-көкті құлаш жайып қабат құшқан.
Қыбырлап қара құрттай жерде қалып,
Қадалған көзін алмай дос пен дұшпан.
Аспанның дариясына салдық қайық,
Сарнатып, көк күңірентіп қанат жайып.
Бел буып елсіз аспан жайда болдық,
Көкке асып, қара жерден болып ғайып.
Жолдасым сол жойқында еді қандай?
Қара жер төмен қалған алақандай...
Отырдық самұрықтың қанатында,
Отырған құшақтасып балапандай.
Ұшқанда қиял жүрді әлдеқайда:
Қайтер ек барсақ ұшып алтын айға?
Гуілдеп көктен асып барып түссек,
Жұмақтай кемшілік жоқ көркем жай ма?
Армады саған өлең құшқан ақын,
Жан қосып сеніменен ұшқан ақын.
Аспанның дариясында қалқығанда,
Қасында кім бар еді менен жақын?!

1914 жыл. 7-қаңтар, Орынбор


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел қайықта өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жел қайықта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел қайықта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел қайықта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері