Тар қамау

Бұл бетте «Тар қамау» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 1
  • 7
  • 85103
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Тағыдай таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген
Тағы сынды ер едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Таңдансаң тағы болар ма
Тәңірің салған бұл іске?!
Ата-енені сөктіріп,
Ат басына соқтырып,
Нәлет десең болмас па
Осынау біздің жүрген жүріске!


Пікірлер (7)

асенов турлыхан

махамбет олендерин 6 жасымнан жаттап келе жатырым және коптеген сайыстардан 1 орын алдым

ОМК

Тар қамаудың мағынасы қандай

Молдир

Эссе жазп бериниздерши Махамбеттин Кара нарга деген оленине

Улмекен

19.09.2017 22:00
Махамбеттин кара нарга оленине эссе жазып беринишши

Ақерке

Рахмет!

Ақерке

Рахмет көп жақсы екен

Меирлан

Рақметт

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тар қамау өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Тар қамау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тар қамау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тар қамау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері