Қаралы күн – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қаралы күн» атты Сәкен Сейфуллин жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2150
(1924 жыл, 23-қаңтар, күндізгі сағат екі жарым, Москва, көшеде Лениннің табытын вокзалдан алып келе жатқанда)

Еңбекші тап бүгін ауыр жаралы,
Қан қызыл ту бүгін қайғы-қаралы,
Еңбекші тап бүгін жалпы қайғырып,
Ауыр хабар-хатқа төніп қарады.
Еңбекші тап бүгін еңіреп жылауда,
Ерін жоқтап қайғы күйін жырлауда.
Қатын, бала, кәрі, жасы күңіреніп,
Омырауды ыстық жаспен бұлауда.
Еңбекші тап бүгін қайнап күйінген,
Қара байлап, қару асып, киінген.
Жаңа тұрмыс — жалпы бақыт дұшпаны,
Сасық дұшпан жынша күліп сүйінген.
Қалың жындар бүгін ұлып үрді ме?
Кезін қадап, құлақтарын түрді ме?
Екі санын шапалақтап қуанып,
Сыбырласып, жыбырласып күлді ме?
Бүгін өлік, кешегі алып арыстан,
Өмірінде жауыздықпен қарысқан,
Адамзатқа қараңғыда жол салып,
Қызыл күнді дәл көздеген алыстан.
Жолдастар-ау, бұл кекті өлім жүрекке у!
Екпіндірек тізе қосып, кекті жу!
«Шоқ! Шоқ!» деген жаудың үні жойылсын,
Жайсын қанат Ленин тіккен Қызыл Ту!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаралы күн өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қаралы күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаралы күн өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаралы күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері