Шымшық пен көгаршын

Бұл бетте «Шымшық пен көгаршын» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2457
Тұзаққа түсті шымшық соры қайнап,
Шыға алмай талпынса да, көзі жайнап,
Бұлқынып уайымда жатқан жерде,
Кез болды жас көгаршын құдай айдап.
Торғайды қапастағы көрді кезі,
— Ақмақ бұның не?— деп айтқан сөзі
Тұзаққа білмедің бе түсеріңді,
Құдайым неге берді екі көзді.
Талтүсте қалай түстің бұл тұзаққа,
Ем болмас айтқан сөзің ақымаққа,
Түспеске адамзаттың айласына,
Берер ем уағданы нансаң мықты.
Аузына түскен сөзбен жатыр сөгіп,
Шымшық та қозғалмады жатты бұғып,
Мысқылдап алла ісіне күлемін деп,
Біріне өзі дағы қалды ілігіп.
He іс болса да тағдырдан
Мысқыл етіп адамды күлмеңіз,
Алланың ісі намағлұм,
Жауыздың тіліне ермеңіз.
Мазақтың түбі ғазапты,
Ғазапты болып жүрмеңіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шымшық пен көгаршын өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Шымшық пен көгаршын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шымшық пен көгаршын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Спандияр Көбеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шымшық пен көгаршын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері