Қауіпті достар – Спандияр Көбеев

Бұл бетте «Қауіпті достар» атты Спандияр Көбеев жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2153
Жауыздың алдар кезде тілі тәтті,
Көрінер балдан зия инабатты,
Кіріп ап іші-бауырына бір момынның, 
Қолына түскеннен соң зар жылатты.
Келеді ең әуелі шынын айтып,
Жамандық етпестей боп енді қайтып,
Аппақ боп судан шыққан сүйріктей-ақ
Білгізбес залымдығын тілмен байытып.
Қиылып тұрар шіркін ант-су ішіп,
Өлем деп сенің үшін отқа түсіп,
Алғасын соңына ертіп оңашаға
Тап берер ұялмастан залым күшік.
Үшеу сөз үлгі бізге жақсылардан,
Пайдасын милләт алса не дүр арман,
Мысалы ғибраттың хикаяты,
Бір қора қойға келген қасқырлардан.
Қасқырлар қойға келіп етті сыбыр,
Сіздерге еткеніміз біздің, жәбір,
Қалмасын қойшың біліп, итін, сезіп,
Келіп ек достасуға осында бір.
Рияны тастап айтайық сөздің шынын,
Тазалап кірін жуып ішін-тысын
Қойшы мен сені баққан төбетіңнің
Тиеміз біз сіздерге қорлығы үшін.
Жамандық ойлағаны бізге олардың,
Қолынан келсе етпейтін жоқ қаһарың,
Сіздерді момын байғұс, еңіретіп
Ызасын алып жүрміз біз солардың,.
Сөзіміз біздің сізге барымыздың,
Келгені сол-ақ болды халымыздың,
Қойшы мен итті тастап қырға шықсаң,
Қызмет етер едік жанымызбен.
Әркімге берсін алла сәләмәтті,
Жақсылық ниетпен көп шындықты айттық,
Сендерге кім тиеді, ойлаңдаршы,
Оңаша шыққаннан соң бізден батып.
Қасқырдың бұл сөзіне қойлар нанды,
Байғұстар не себепті есін танды?
Қорадан ақырындап шұбырумен
Ешкімге білдірместен қырға барды.
Жан ашып бұларға енді болысатын,
Бақташы итіменен кейін қалды.
Сол еді тілегені қасқырлардың,
Қойлардың бұл ісіне көп қуанды.
Достарын оңашаға шығарып ап,
Бірін де тастамастан қырып салды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауіпті достар өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Қауіпті достар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауіпті достар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қауіпті достар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері