Әй достарым

Бұл бетте «Әй достарым» атты Ыбырай Алтынсарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан - ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар - жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.


Пікірлер (3)

Айымай

Маған Ыбырай Алтынсариннің осы әні ұнады! Өйткені мен Ыбырай Алтынсариннің осы әнін айтып бірінші орын алдым.

Айхан

Рахмет

Алинур

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әй достарым өлеңінің авторы кім?

Ыбырай Алтынсарин — осы өлеңнің авторы.

Әй достарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әй достарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ыбырай Алтынсарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әй достарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері