Алдап әлі келе ме көлгір өмір? – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Алдап әлі келе ме көлгір өмір?» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1221
Алдап әлі келе ме көлгір өмір?.. Айтып
берсең қайтеді-ау сен бір емін! Космосқа
көзелер көкірекпен көздеріңе өлгенше
телміремін.

Маған, жаным, сендегі күлкі – несіп!..
Қулығыңды білдірмей іркілесің...
Сұқтанғанын біреудің білген сайын
сұлуланып кететін Сиқыр – осы!

Бұл Сиқырға тиіспеуге тиіс пенде.
Тиіспесін сөзбен де, сүйіспен де. Көкейімде
жарқ-қ етер бір тылсым бар, көздеріміз
өзара түйіскенде...

Дәл солайша... қол ысып, арқа мұздап, бар
сабырды бойдағы сарқамыз да, аймаласа
кеткенде, аймаласа,

айқай салып Үнсіздік ортамызда,
Ақылымыздан аңқ-қ етіп бүртікті ұғым,
өлімді де ойлатпас, құлдық түгіл?!.

... кірпіктеріңе дейін отыр санап
жабайылау, жарместеу ынтықтығым..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдап әлі келе ме көлгір өмір? өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Алдап әлі келе ме көлгір өмір? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдап әлі келе ме көлгір өмір? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алдап әлі келе ме көлгір өмір? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері