Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 925
Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған,
жырларымның жұлдызы тамшылаған. Қу
тірліктің есігін құр күзетіп,
жүре алмайды бұлайша шамшыл ағаң!

Күнде ізден, күнде ойлан, күнде
қарман, қайырылмай барады мұңдақ
арман. Міне, тағы отырмын кешті
тосып...

Бұл түріммен боламын кімге
қорған! Түтіндеймін еріксіз...

Сүлейменнің
құмырасы секілді, Жын қамалған...

Хат жазбайсың, міне енді, Сен де мүлде.
Оңай шығар өзіңе пендемін деу. Екеуміздің
арамыз өте қашық –

мың сағыныш, мың күдік, ең кемінде!..

Әдемі бір әлем ең, маған арман,
Арманшылды алдымен табалар маң.
Жыйнасам да жаз бойғы хаттарыңды,
жыртық көңіл онымен жамалар ма?!.

Түгендетіп еріксіз жоқ-барымды, білем
енді осымен тоқтарыңды. Көзге күйік
болмасын, түсінерсің, Түнге ағызып
жіберем хаттарыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері