Айым да сенсің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айым да сенсің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1849
Әнін жазған Жолбарыс Сейфуллин

Сағындым, сымбатты қалқатайым,
Жасырын жұмбақ болып жүрдің сен.
Сырымды, мұңымды тарқатайын,
Ерекше еркем болып күлгін сен.

Қайырмасы:
Айым да сенсің,
Күнім де сенсің,
Шуақ боп таңғы шашылшы.
Гүлім де сенсің,
Үнім де сенсің,
Құшақ боп мәңгі ашылшы.

Елесің күндіз-түн көз алдымда,
Тынымсыз толғандыра бересің.
Көргенше өзіңді төзе алдым ба?
Айтшы сен, қашан маған келесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері