Жанартау – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Жанартау» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Олжас Сүлейменовке

Жанартаулар, сен бір құт жер үсті үшін,
«Теріс» кісім, о мейлі, теріс түсін!
Везувийдей айтарым кесірлі емес,
Жанартаулар – керемет кенішті шың.
Жанартаулар, арының арқырасын,
Лапылдаған лаваға шарпыласың.
Өздеріңсің табиғат домнасындай,
Қайнатқан жер астының балқымасын.
Гейзерлерің шипалы бу атқандай,
Нұр беретін ГЭС-терге шуақ таңдай;
Кен қопарып тереңнен текшелеген,
Бойыңдағы о сенің, қуат қандай?!
Селк етпесе, селк етпес самарқаулар,
Жалықпашы жалының жанар, қаулар;
Қазыналы кеніңді ақтара бер,
Буырқанып бұлқынған жанартаулар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері