Оқжетпес бейнесі – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Оқжетпес бейнесі» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Құлпырған бояуымен көктеменің,
Бұлқынған «Айнакөлдей» өр кемерің;
Сияқты сұлулықтың баламасы,
Оқжетпес, сен не деген көркем едің?!
Үлбірер ақша бұлттар айдарындай,
Керім тау, кербез қойнау қайда мұндай?
Оқжетпес тастан құйған пирамидам,
Қасқиған қазағымның айбарындай!
Өзіңді аңсап келген жат-танысым,
Қуанып қызығыңа батқаны шын.
Аңыздай тарап кеткен ел аузында,
Оқжетпес, сенсің менің мақтанышым!
Қырандар қиясынан көп түлеген,
Оқжетпес – кіші Парнас деп білем мен.
Ол – Даңқ, олқысынба, ал даңқтың,
Шыңына көзің жетпес көк тіреген!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері