Өлең, жыр, ақындар

Өлеңші

Өлең жазу соғып жүр маған қиынға,
Жүріп жатыр дағдарыс менің миымда.
Сақтасын Құдай шегіртке ақын болудан,
Сөздері тіпті татымайтын бақыр тиынға.

Өлең жазу тимейді маған оңайға,
Музаңды ішкі күтуден басқа жоқ айла.
Қарапайым ғана он алты жол өлеңді,
Жазудың өзі созылады кейде бір айға.

Өлең жазу азаптың нағыз азабы,
Жаныңды қинап, алады біраз мазаңды.
Сөзіңді әрбір ойланып жазған абзал,
Әйтпесе түбі аларсың оңбай жазаңды.

Алдымен керек ақынға толық ар-сана,
Жырлары оның жұбаныш сыйлап баршаға.
Өзімді мен теңемеймін нағыз ақынға,
Себебі менің сөзімде қате қаншама?!

Ойыңды кейде түсінбей өңшең надан қырт,
Жасауы мүмкін аяқ асты саған жамандық.
Ақын болу ол – бәйгеге тігу басыңды,
Ақын болу деген аса қауіпті мамандық!

Қазірден бастап сабырлық суын қасықта,
Болады жаулар көңіліңді сенің жасытпа.
Ақын болу деген қатерге тігу жаныңды,
Сондықтан досым ақын болуға сен асықпа!

Есбол БОЗАН
24.06.2022



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мезгіл

  • 0
  • 0

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Толық

Махаббат мехнаты

  • 0
  • 0

Жан болсам сезімді сезбес мүлде,
Сүйгеніммен келмес еді кездескімде.
Тамамдап махаббат сапарымды,
Жүрегімді қорлатпаймын енді ешкімге.

Толық

Қара қыз

  • 0
  • 0

Көтеріліп қалады менің еңсем,
Кенеттен қара қыз сені көрсем!
Сен десе азынап тұрады ішім,
Неге екенін қара қыз ұғамысың?

Толық

Қарап көріңіз