Өлең, жыр, ақындар

Асық

Сені алғаш кезіктіргем күзде мен,
Тынысыңа еруші еді мұз денем.
Сендік көңіл қаласа да өзгені,
Мен әлі үмітімді үзбегем.

Амал нешік, барлығына төземін.
Қызғаныштан өртенсе де өзегім.
Сен қазір жанындасың өзгенің,
Айтпасаң да бәрін іштей сеземін.

Бәрі есімде...
Таныс көше, таныс маң.
Осы маңда сенімен алғаш танысқам.
Самайыма сағыныштан ақ түсіп,
Сарайыңа қарап тұрмын алыстан.

Болғасын ба менен биік шоқтығың,
Сені аңсаумен өтіпті ғой көп күнім.
Маған жүзік алмады деп ренжіме,
Білесің ғой жағдайдың жоқтығын.

Өміріңнің беттерінен өріп нұр,
Көп ұзамай бақытыңды жолықтыр.
Біз бірге бола алмаймыз, белгілі
Қу дүние арамызды бөліп тұр.

Асықпын...
Сенен оны жасырман.
Күзгі самал өбуші еді шашыңнан.
Ақылым ұшқан соң ба басымнан,
Жыр жазуды әдет қылдым жасымнан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Белгісіздік

  • 0
  • 0

Болашақ расымен белгісіз,
Оны ойлап, көңіліме келді сыз.

Қасиеттен жұрдай болып адамдық,
Молаға кірпіш болып қаландық.

Толық

Айыптымын

  • 0
  • 0

Айыбымның ешбірін ұмытпадым,
Соны ойлап отырмын құрып халім.
Жүрмегесін мән-жайдың ұғып мәнін,
Лайладым талай көңіл тұнықтарын.

Толық

Бойдақтық жыры

  • 0
  • 0

Ақылым көптен бері жүр қосылмай,
Айта алады қатемді кім жасырмай?
Ақыныңа бір келіншек тауып берші,
Шақуатым қойды ғой бір басылмай.

Толық

Қарап көріңіз