Биікке біразырақ өрлеп алған – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Биікке біразырақ өрлеп алған» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Биікке біразырақ өрлеп алған,
бірісің жақсылардың Сен де бағлан,
ебім жоқ ел сияқты демесеңіз,
жерің жоқ ештемеден кенде қалған.
Өбектеп,
өзің десе жаны шығып,
ағайын арасының намысы "ұлып",
жатқаны біреуі бал, біреуі жал,
біреуі өзінде жоқ бақ ұсынып.
Шайқалса тірлігіңнің қайығы сәл,
қанатын қанша досың жайып ұшар!
Бірінің қайратынан Күн тұтылып,
бірінің айбатынан Ай ығысар!
Көрмедік сөзіңді де жерде қалған,
бірісің бүгінгінің өр де бағлан,
Кеудеңді әлімсақтан Ар мекендеп,
қарайды ел, бар ма екен деп, сенде де арман!
Қайсы бір қабақтағы сесті көрмей,
қабыл ал бәрін де сен естілердей.
Шыққанда атой салып,
ағайынның,
қайтер ең,
қарап тұрса ешкімі ермей!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері