Гөзел – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Гөзел» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сені ойлаумен өтіп жатыр әрбір кеш.
Саған деген сезімімді жан білмес.
Гөзелім, сен жүрші тек шаттанып,
Аңсап қайтем махаббатты мәңгі өлмес.

Келбетіңе көз жүгіртіп сыр тұнған,
Ұрлана қарайтынмын сыртыңнан.
Гөзелім, сен аққусың көлдегі,
Мен сұңқармын қанаттары қырқылған.

Секілді сенің дауысың тамаша ән,
Қайта айналып келе ме енді қарашаң?
Гөзелім, қаламын бір жеңілдеп,
Мөлдіреген көздеріңе қарасам.

Түбінде берерсің бір хабарын,
Қалмасын көкіректе нала-мұң.
Гөзелім, қаламасаң сен мені,
Қоштасудан жоқ қой басқа амалым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері