Өлең, жыр, ақындар

Не жазамын?

Не жазамын,
Не жазамын,
Не жазамын?
Жазудың тартып келем мен азабын.
Жазсам ба екен бүгінгі ел ажарын,
Жазсам ба әлде өксігін жер-ананың?!

Не жазсам да сен оны бағалағын,
Қайтып сенің көңіліңді таба аламын?
Жазсам ба екен ығы-жығы қала маңын,
Жазсам ба әлде жазылмаған дала заңын?

Жазуға бала күннен машықтандым,
Поэзия еліне қашып бардым.
Жазайын жұлдызды түндердегі,
Айтылмаған сезімін ғашықтардың.

Жазайын ерлігін бабалардың,
Тағдырын қираған қалалардың.
Жазайын көз жасын жетімдердің,
Қасіретін жалғыз басты аналардың.

Жазайын,
Жазбасқа амал бар ма?
Адаспай шындыққа барар жолда.
Жазудан түк емес қалжырасам,
Жазғаным жетсе болды адамдарға.

Жазғанымды ұлыма теліп келдім,
Шабытыма іштегі ерік бердім.
Жазу деген кәсібі даналардың,
Жазу деген ісі емес еріккеннің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нәпсі Әр-Рухи

  • 0
  • 0

Берік болып рух деген аманатқа,
Бөленейік бақытқа ана жақта.
Өлім деген теңізге жұтылғасын,
Отбасың қалады жаға жақта.

Толық

Лнайея

  • 0
  • 0

Соңғы кезде болмай жүрмін көңілді,
Сені ойлап көздің жасы төгілді.
Менің жазған әрбір сөзім өмірлі.
Тұрғанда мен әзірге жер басып,

Толық

Аңсау

  • 0
  • 0

Дидарың секілді гүл-көктем,
Ішіне ғажайып сыр бүккен.
Сағынам оралмас сәттерді,
Өзіңмен аяулым бірге өткен.

Толық

Қарап көріңіз