Аманат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аманат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3202
Әнін жазған Ренат Ғайсин

Жарығым, жаным, кең дала,
Арайлы таңым сен ғана.
Аймаладың мені алтын анамдай,
Аяладың мені жарқын балаңдай.
Жалғанда, жаным, жандым ба?
Арманда қалың қалдым ба?
Парызыңды сенің елдің алдында
Өмірлікке оны өтей алдым ба?

Қайырмасы:
Атамекен – алтын анам,
Жасыл гүліңмін.
Жайнап жарқылдаған
Асыл ұлыңмын.

Атамекен – панам менің,
Таңғы нұрыңмын.
Байтақ далам менің,
Мәңгі жырыңмын.

Жылдарда жарқын жалынды
Отанға арнап барыңды,
Жадыраймыз біздер таңғы көңілде,
Қалдырамыз іздер мәңгі өмірде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері