Қарттың қалжыңы – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қарттың қалжыңы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 824
– Жаз келсе жапырағын жая келер,
Жаныңа шуақ төгіп, сая берер.
Қыс келсе дөдегеңді қырау шалып,
Шым-шымдап жабығыңнан аяз енер.
Келемін бірақ әлі қымтырылмай,
Қалам ба қансонарда түлкі қумай?
Көңілім қалағанын қалт жібермес,
Кәнігі кәрі мерген мылтығындай.
Белгілі өмірдің жаз, қысы маған,
Жерім жоқ қапылысқа ұшыраған.
Төменде қағушыдан қиқу шықса,
Қиядан қыранымды ұшыра алам.
Аралап көрдім талай құз-қияны,
Танимын жазғы ұяны, күзгі ұяны...
Тәтті ойға батырады анда-санда
Баяғы жігіт сөзі, қыз қиялы...
Не керек, жігіт едім жыным қатты... –
Деді де қуақы шал жымың қақты.

1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері