Мәңгі көктем көңіл-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мәңгі көктем көңіл-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2520
Әнін жазған Қуат Шілдебаев

Жастық дәурен-ай,
Ғашық сәулем-ай,
Әппақ кептердей.
Бақыт таңы
Көктеммен бірге жеткендей.

Қайырмасы:
Мәңгі көктем көңіл-ай,
Мәңгі өктем өмір-ай,
Мәңгі сөнбейтін сенім-ай.

Қара көздер-ай,
Бала кездер-ай.
Жасыл құрақтай.
Жаным таза
Мөлдіреп аққан бұлақтай.

Қайырмасы.
Сайрандаған-ай,
Қайран заман-ай,
Әнім құралай.
Сені мәңгі
Тыңдауға жаным құмар-ай.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері