Өлең, жыр, ақындар

Менің әнім керек па

Менің әнім керек па?
Сұраймын мен өзімнен.
Өзім қойған сұраққа,
Жауап іздеймін жүректен.

Менің әнім керек па?
Оқырманың болмаса.
Адамзатта қалып па,
Оқитын көзі талмаса.

Менің әнім керек па?
Көк нөсердей жаңбырым.
Дос шатыры тесік па,
Суланғандай тамырым.

Менің әнім керек па?
Ұйтқығандай бораным.
Жаза берем сонда да,
Тоймағандай араным.

Менің әнім керек па?
Жер басқандай тұманым.
Маза бермей сұрақ та,
Тұманда адасқандай боламын.

Менің әнім керек па?
Түнергендей бұлттарым.
Бір ауылдай достарда,
Жауапсыз қалды сұрағым.

Менің әнім керек па?
Күркіреген аспаным.
Сұрамаса оқимын деп,
Жақын менің туғаным.

Менің әнім керек па?
Асып кеткен көлдерім.
Жер басқандай тасқындап,
Түңілген болды менің күндерім.

Менің әнім керек па?
Құлпырғандай көктемім.
Достарым сонша сирек па?
Немесе, оларда мүмкін жоқ дермін.

Менің әнім керек па?
Жарық айдай желсіз түн.
Әдебиетте қалса да,
Болсын менің үлесім.

Менің әнім керек па?
Күн көзіндей елжіреп.
Алқыным күшті асау ма?
Ноқтаға басым керіліп.

Менің әнім керек па?
Қуатым оттай бұрқырап.
Өмірдің өрін бастым ба?
Тау суындай сарқырап.

Менің әнім керек па?
Суығандай ыстық су.
Ізденбеген жүрек па?
Тұла бойдан кетсе бу.

Менің әнім керек па?
Табиғаттай құбылған.
Жапырағы қурапта,
Ағаш құсап майысқан.

Менің әнім керек па?
Көл суындай бұлаңдап.
Жалғыз қалған терек па?
Естілмейтін айқайласаң ұрандап.

Менің әнім керек па?
Еңсемдей болған салбырап.
Игілігім ырыс па?
Жазғаным менің талпынып.

Менің әнім керек па?
Әлбетте мен сұрадым.
Іштегі әлде тарлық па?
Құлақ аспас "қарағым".

Менің әнім керек па?
Жел айдаған құрағым.
Қайтып келеді жаңғырып,
Құлағыма, өзім қойған сұрағым.

Менің әнім керек па?
Өзіме болсын тұмарым.
Болсын маған қолтаңба,
Тек, суалмасын құмарым.

Менің әнім керек па?
Қоймас едім сұрақ та.
Жайып маған құшағын,
Қуанар еді анашым.

Менің әнім керек па?
Жоқ қой адам әлемде.
Баласына күлімдеп,
Құшағына алар еді әкемде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз